Weekend

Қазақстанда демалыс күндері 42 градусқа дейін аяз болады

2-4 ақпан күндеріне ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазгидромет» РМК 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Температураның жоғарылауына, республиканың басым облыстарында қардың жаууына және бұрқасынның соғуына ықпал еткен оңтүстік циклон Алтайға қарай жылжыды. Ал, Қазақстанға Кар теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, соның салдарынан еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35...42°, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін аяз болады. Бірақ, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аязды әлсіретеді. Қар жауып, бұрқасын және республиканың басым облыстарында екпінді жел соғады», - делінген хабарламада.