Weekend

Гаухар Әлімбекова түрмеден хат жолдады

Гаухардан келген хат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі әнші Гауһар Әлімбекова алаяқтық жасады деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. түрмеден хат жолдады. Ол көпшілікке түрмеден хат жолдады. Гаухар Әлімбекованың хатын журналист Бибігүл Дәулетбекқызы интернет желісіндегі инстаграм парақшасында жариялады.

"Қалайсыңдар? Менде бәрі тамаша!!! Қайран Қазағым-ай, не боп кетті, түсінбей қалдым. Ешбір дәлел болмаса да, ең бастысы, ақшаны алған адам толық мойындап тұрса да, қалай бәрі астан-кестен боп кетті, мең-зең боп, жүрегім бір сәтте тоқтап қалғандай болды... Алаяқтық деген де үлкен бір өнер ғой, менің қолымнан ән шығарып, сол әнді жеткізгеннен басқа ешнәрсе келмейді, қайтем, маңдайға жазылғанды көріп жатырмын. Мүмкін, Бақыт тәте мені темір торға отырғыздым деп, мәз боп, бақытты боп жүрген шығар, мен оған жамандық тілемеймін, Алла разылығы үшін кешірдім. Алланың осы бір сынақты бергеніне шүкір", - деп жазған әнші.

Гаухар Әлімбекова бас бостандығынан айырылса да, Аллаға деген сенімі мен халықтың ыстық ықыласын, өзінің халыққа деген зор махаббатын ешкім де тартып ала алмайтынын жеткізген.

"Себебі, шығарып алған қолыма гипс салдыруға емханаға апарғанда, сол жердегі қыз-келіншектер мені танып қойып, құшақтап жылап, "сабырлы бол" дегенде, түк түсінбей, бұлар қайдан біледі деп тұрып қалдым. Сөйтсем, бәрі инстаграм желісінен хабардар екен. Көзімнің жасы мөлт-мөлт етіп, "Бір тамшы көздің жасындай" болды. Қысқасы, мейлі, уайымдамаңыздар, бәрі жақсы, Алла нәсіп етсе, амандықпен кездесерміз! Айтқандай, кеше абыр-сабырмен ұмытып кетіппін, түнде осында келіп тар бөлмеге, тас төсекке кеп жатқанда көзім темір тормен қоршалған терезеге түсіп жатып-осы күні анам-марқұмның Жер-бесікке бөленген күні екені есіме түсіп, көз жасыма ерік бердім. Бір мезетте апамның алақаны мөлт-мөлт етіп аққан көз жасымды тоқтатып, маңдайымнан, шашымнан сипап, "Жасаған бере салғаным, сабырлы бол"-деп жұбатқандай болды. Әруағыңнан айналайын Ғазиз-Анам, Асқар Тау-Әкем, жатқан жерлерің жайлы, жандарың-жәннатта болсын!!!

Сүйікті қыздарыңыз: Гауһар Әлімбекова,", - делінген хатта.

Еске сала кетсек, 30 қаңтарда өткен отырыста сот алдында екі әйел – 2016 жылы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева мен танымал қазақстандық әнші Гауһар Әлімбекова жауап берді.  Анықталғандай, айыпталушылар танысына ірі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып беруді уәде еткен, алайда уәдені орындамай, ақшаны қайтармай қойған.