Спорт

Конор Макгрегор: "Байлық та кетеді, белбеу де кетеді"

Конор Макгрегор өзінің байлығы жайлы ашық айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор «UFC 257» турнирының алдындағы баспасөз мәслихатында өзінің байлығы туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ол мәслихатта UFC президенті Дэйна Уайттан да бай екенін айтты.

«Маған барлығы «Сен не үшін күресіп жүрсің? Сен Уайттан да байсың ғой!» деп айтып жатады. Бірақ мен ақша да, онымен бірге белбеу де кететінін білемін» деді ол. Оның ойынша, өмірдегі дәл осындай сәттер тарихқа енуі тиіс.

2020 жылдың қараша айында The Sun басылымы ирландиялық спортшының табысын есептеді. Басылымның мәліметінше, Макгрегор ТВ-дан түскен және ақылы трансляцияларды қоспай-ақ, 15 миллион доллардан астам қаражат тапқан.  

Макгрегор бүгінге дейін 26 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. 3 рет спорттан кететінін жариялап, үшеуінде де шешімін қайтып алған. Оның келесі қарсыласы америкалық Дастан Порье болады.