Bugin

Біз қазақ!

"Біз қазақ!"атты өлең шумақтарым қазақ халқы тамырын терең жайған ел екеніне дәлел болары сөзсіз! Қазақстан – менің отаным!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

☆Біз Қазақ!☆

Шұғылалы шаһарым, туған жерім,

Дәстүрі мен тойы бар думанды елім.

Адалдық пен адамдығы қатар жүріп,

Келтіреді шаһарымның шырай көркін.

•••

Таң атпастан тұрып алып еңбек еткен,

Ата-анасы ұл-қыздарын тербелеткен.

Ата-баба"Қазақ" деп белгілеткен,

Ұлан-ғайыр атырапқа жер жетпеген.

•••

Таланты бар қопарған тауларды да,

Сөзбен басқан іштен шыққан жауларды да.

Табиғаты тамаша қазақ жердің,

Мен үшін ыстық болар қарлары да.

•••

Көк туымда бейнеленген көк аспаны,

Қазағымның ала алмайтын жоқ асқары.

АЛЛА деп өмір сүрген жайсаң қазақ,

Иілген АЛЛА алдында бар бастары.

•••

Тілеймін, таудан ассын талабымыз,

Қабыл болып дұға-тілек, арманымыз.

"Қазақ" деген пенделерін АЛЛА сүйген,

Біз Қазақ! Бүкіл жердің жауһарымыз!

•••

©️Ақбота Ибадуллақызы✍