Bugin

Жылап та ақша табуға болады

Көпшілік естімеген сирек кездесетін мамандықтар топтамасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. «Көз жасын сатушылар» 

Шығыс елдері аза тұту шарасына кәсіби қайғырушылар шақырады. Бұл театрлық қойылым емес, мәдени дәстүрдің бір бөлігі. "Жылаушы" болу үшін алдымен арнайы емтихан тапсыру керек. 

Міндеті: көз жасын сату, аза тұту, эмоцияларды ашық көрсету.

Орташа жалақы: бір жылағаны үшін 8 500 тг (20$)

 

2. «Веб-бағбан»

Бұл – IT саласындағы мамандық. Бағбан бақшаны арам шөптерден тазартады. Ал веб-бағбан сайтта қажет емес сілтеменің көбеюіне жол бермейді. Сонымен қатар сыртқы түрін өзгертеді. 

Міндеті: ақпаратты өңдеу, байланысқа бейімділік, шығармашылық қабілетті көрсету.

Орташа жалақы: 52 000-86 000 тг (124-205$)

 

3. «Тренд-хантер»

Көше, субмәдениет және басқа да ортадан жаңа трендті іздейтін мамандық. 

Міндеті: аса мұқият және сезімтал болу, әлемдегі барлық жаңалықты бақылау.

Орташа жалақы: 210 000 тг (500$)

 

4. «Пингвин аударушы»

Антарктидада пингвиндер ұшақтың көтерілуі мен қонуын бақылауды ұнатады. Олар басын қатты шалқайтатыны соншалық, арқасымен құлайды екен. Осыдан соң құс өздігінен тұра алмайды. Бұл жағдайда адамдардың көмегі қажет. 

Міндеті: пингвиндердің аяғына тұруына көмектесу, табиғатқа деген махаббат, зоология, биология, география негіздерін білу.

Орташа жалақы: 797 000 тг (1 900$)

 

5. «IT-дәрігер»

IT-дәрігер – заманауи технологияларды жетік меңгерген маман. Медициналық мәліметтер базасын жасайды және оларды басқарады. Болашақта онлайн сервиске өзіңіздің әл-ауқатыңызды дауыстай аласыз. Ол бірден емделу жолын береді. Дәрі-дәрмекті жазып, үйге жеткізіп береді. 

Міндеті: үлкен деректермен жұмыс істеу, медициналық ақпаратты талдау, медициналық жабдықтарға арналған бағдарламалық жасақтама дайындау.

Орташа жалақы: 569 000 тг (1 355$)