Әлем жаңалықтары

Кеттік, Испанияға?!

Испанияның көрікті жерлерімен бөлістік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Испанияның туризм министрі Рейес Марото көктемнің соңында ел шекарасы ашылады деп үміттенеді. Жаз соңына дейін халықтың 70%-ы тұрақты иммунитетке ие болуы тиіс. Олардың барлығына жаппай вакцина салу жоспарланып отыр. Министр Маротоның айтуынша, дайындық аясында негізгі күш COVID-19 пандемиясымен күресуге бағытталған. Сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де аса мән беріліп отыр.

"2021 жылғы біздің басты мақсатымыз – туризм саласын жандандыру және халықаралық қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туристердің қауіпсіздігі және олар біздің елімізге толық сенімді болуы үшін бірқатар шаралар жүргізіп  жатырмыз.  Біз көктемнің соңында халықаралық сапарлар қайта басталып, саяхатшылар «Испанияны» таңдайтынына сенімдімін", - деді ол.

Ендеше шекара ашылып Испанияға барып жатсаңыз, елдің әдемілігін толығымен көру үшін қандай жерлерге бару керек? Осы сұраққа Bugin.kz тілшісі жауап береді.

 Испания – Еуропаның жеріндегі Пиреней түбегінде орналасқан мемлекет.  Испания Солтүстік таулардан бастап ыстық Севильяға дейінгі жерді алып жатыр. 

Пуэблос Бланкос

Мұнда тар көшелер, ақ үйлер, ежелгі шіркеулер мен түрлі-түсті гүлдер, ортағасырлық  ғимараттар көп орналасқан. Қаланың ең көрікті жерлері — Грацема, Вейер де Ла Фронтера және Аркос де ла Фронтера.

Альгамбра, Гранада

Керемет суреттермен өрнектелген бекіністері бар көне қаланың бірі. Сьерра-Невада тауларының шыңдарында орналасқан. Бекіністер мұнда  мористикалық сәнді элементтермен өрнектелген. 

Гауди, Барселона

Барселона ең танымал және туристтер көп келетін қаланың бірі болып саналады. Оның негізгі маржаны – аты аңызға айналған Антонио Гауди тұрғызған Фантосмагорит ғимараты. 

Валенсия

Испания ескі сәулетімен танымал болғанымен, қазіргі заманғы жобалары да кем емес. Бұл жерді заманауи испан сәулетінің визит картасы деуге болады. Таңғажайып ғимараттар күннің кез келген уақытында жарық болып тұрады.