Bugin

Ресей vs Отандық вакцина: Бекшин өзіне қай вакцинаны салдырғысы келетінін айтты

Қазақстандық институттың 70 жылдық тарихы бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустан қорану үшін отандық вакцинаны салдырғысы келетінін айтты. Мұны Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшин коронавируспен жазда ауырған екен. Содан бері жеті ай уақыт өткен.

"Коронавируспен ауырғандар вакцинаны жазылғаннан кейін 6 айдан соң ғана салдыра алады. Мен ертең барып тексеріліп, антидененің мөлшерін анықтаймын. Егер азайып кетсе, онда екпе салдырамын. Ең алдымен отандық вакцинаны салдырып көргім келеді", - дейді Алматының бас сандәрігері.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцинаның да сапасы жақсы. Күмән туғызбайды. Қазақстанның вакцина шығарудан тәжірибесі бар. Бірақ обаға қарсы екпені ғана шығарған.

"Вакцина шығарумен айналысатын институтпен бұрын да бірге жұмыс істегем. 2013 жылы құс тұмауы тараған кезде. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өндіріске шығарылған вакцинаны мен де байқап көргім келеді. Өйткені бұл институттың 70 жылдық тарихы бар", - деп сендіргі Бекшин.

Айта кету керек, Қазақстан коронавирусқа қарсы өзінің жеке вакцинасын ойлап тапқан. Атауы – QazCovid-in. Ал Денсаулық сақтау министрлігі құптаған "Спутник V" екпесі Ресейдікі.