Қоғам

Алматыда көп балалы аналар тегін жүре алады

Олардан өзге ардагерлер де тегін жүре алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруге құқығы бар адамдардың тізімі өзгерді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бұл ақпарат жайлы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүре алады:

  • Басқа мемлекеттерге қарсы ұрысқа қатысқан ардагерлер;
  • «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қарайтын адамдар;

Алматыда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін адамдардың ресми саны – 1161 адам. Негізінен оларға жол жүруге 50% жеңілдік берілген. Қалада 4663 көпбалалы ана бар, енді олар тегін жол жүруге құқылы.