Bugin

Арғы дүниеден хат: Қайтыс болған жақыныңызбен сөйлескіңіз келе ме?

Microsoft коорпорациясы қайтыс болған адамдармен хат алмасып, тілдесуге болатын жаңа технологияны патенттеді. Бұл туралы Forbes журналы хабарлаған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ия, иә, бұл «Қара айнаның» дәл өзі. 

Технология жасанды интеллект көмегімен өлген адамдармен сөйлесу үшін аватарларын жасайды.Қайтыс болған адам туралы жиналған деректерге (суреттер, дауыстық деректер, әлеуметтік медиа хабарламалар, электрондық пошта және т.б.) негізделіп жеке парақша жасалады.

Мұның бәрі жасанды интеллектке нақты адамды имитациялауға көмектеседі.

Патент тіпті кескін мен бейнеге негізделген белгілі бір адамның екі немесе үш өлшемді модельдерін құра алады. Бұл адамды жанды бейнеде көргендей әсер береді. Әсіресе, патентте адамның дауыс дикциясына, сөйлеу мәнеріне ерекше мән беретіні айтылған.

Негізінде, технологияны өзекті мақсаттарда пайдалануға болады. Мысалы, тарихи тұлғалардың қайта жанданған бейнесін жасау.

Бірақ, бәрібір, жасампаз адам баласы үшін технология әлі де қорқынышты. Сіз қайтыс болған жақыныңызбен тілдесер ме едіңіз?!

Технология жасанды интеллект көмегімен өлген адамдармен сөйлесу үшін аватарларын жасайды.Қайтыс болған адам туралы жиналған деректерге (суреттер, дауыстық деректер, әлеуметтік медиа хабарламалар, электрондық пошта және т.б.) негізделіп жеке парақша жасалады.

Мұның бәрі жасанды интеллектке нақты адамды имитациялауға көмектеседі.

Патент тіпті кескін мен бейнеге негізделген белгілі бір адамның екі немесе үш өлшемді модельдерін құра алады, бұл адамды жанды бейнеде көргендей әсер береді.Әсіресе, патентте адамның дауыс дикциясына, сөйлеу мәнеріне ерекше мән беретіні айтылған.

Негізінде, технологияны өзекті мақсаттарда пайдалануға болады: мысалы, тарихи тұлғалардың қайта жанданған бейнесін жасау.

 

Бірақ, бәрібір, жасампаз адам баласы үшін технология әлі де қорқынышты. Сіз қайтыс болған жақыныңызбен тілдесер ме едіңіз?!