Қазақстан жаңалықтары

Анасы мен баласы өз ауласында қасқырдың жемтігіне айналды

Оқиға зардап шегушілердің өз ауласында мал айдауға шыққан уақытты болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында сегізінші сынып оқушысы мен анасына қасқыр шабуыл жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы ustinka.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

"Алдымен қасқыр анасына шабуылдаған. Оң қолына жақындаған сәтте анасы ұлының үйіне тезірек қашуын сұраған. Алайда ұлы анасын тастап кете алмаған. Ал қасқыр баланың аяғын тістеп үлгерді. Қуанышқа орай, әкесі қасқырды өлтіріп, отбасын құтқарды" делінген басылымда.

Қазіргі таңда анасы мен ұлы аудандық ауруханада жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Қасқырды ауылдық ветеринарлық зертхана мамандары алып кетті.

Жергілікті тұрғындар өткен аптада округте қасқырларды көргенін айтқан.Оқиғадан кейін екінші ауысымда оқитын балалардың мектепке баруын уақытша тоқтатты.