Білім және ғылым

Болашақ талап ететін 100 мамандық

Мамандық таңдаудан қателеспеңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коронавирус пандемиясы әлемде қандай мамандықтардың жетіспейтінін көрсетті. Соған сәйкес  болашаққа керек 100 жаңа мамандықтар тізбегі жарыққа шықты.  

Мәскеудің Сколково менеджмент мектебі (МГУ) Стратегиялық бастамалар агенттігімен 100 жаңа мамандықтардың атласын дайындады. Сонымен қатар 30 өлі мамандық атласын да ұсынды.  

2022 жылға қарай диагностика, стенограф, турагент, тігінші, лифт операторы тағы басқа мамандықтар  жойылады. Олардың орнын қала фермерлері, эко-урбанисттер, биотрансформаторлар, уақыт делдалдары, ГМО агрономдары және болашақтағы басқа мамандар басады.

Биотехнология мен ақпараттық технологияның бірігуі жаңа техникалық-роботталған мамандықтардың пайда болуына септігін тигізді.

Қазіргі таңда ауадай қажеттілікке ие  медицина саласында жаңа мамандықтар тізбегі жасалды. Оларға - IT- медик, молекулярлық диетолг, биоэтик медицина жұмысының операторы секілді, медицина   саласына  жаңа мамандықтар қосылуда.

Құрылыс саласы да жаңа мамандықтар тізімін ұсынып отыр. «Ақылды үй» инфрострукторы, құрылыс технологияларын модернизациялау маманы тағы басқа да мамандықтар  енгізіліп жатыр.

Короновирустың  етек жаюы еліміздің оқушылары мен студенттері үшін қиындық тудырды. Білім жүйесі онлайн форматқа ауысуы білім сапасының түсуіне алып келеді деген болжам бар. Осы орайда білім саласы болашақта жаңа мамандықтарды ұсынды. Онлайн – платформалық білім берудің координаторы, тьютер, майнд-фитнес тренирі, модератор сынды жаңа саланы еркін жүзуге жіберуде.

Жаңа мамандықтар ескінің орнын басады дегенде ең бірінші заңгер мамандығы еске түседі. Себебі елімізде заңгерлер саны сұраныстан да асып түседі. Бұл сала да өзінің жаңашылдығымен таңқалдырғалы тұр. Сетевой- юрист, кибертергеуші, медиаполиция  секілді мамандықтар пайда болады.

Сонымен қатар нанотехнологияда – рециклинг- технолог, наноиндустрия қауіпсіздігінің маманы тағы басқада жаңашылдықтарымен таңқалдыруда. Бұл тізбектерге космотуризм- менеджері, космобиолг, космогеолг, science- суретші, вируталды әлем дизайнері, интерфейс дизайнері, дирижабель проекторы атты техникалық мамандықтар да орын теппекші.

Жаңа мамандықтар атласы жоғарыда айтылған мамандықтармен ғана шектелмейді. Сұранысқа байланысты тізімге қосылатын мамандықтар да бар. Мамандық таңдап бас қатырып жүрген жақындарыңыз бен балаларыңыздың қызығушылығын  жаңа мамандықтарға оятқан жөн. Жаңашылдықтың соңында емес, алдында жүру – қойылған талаптардың бастысы.