Bugin

Мұхтар Тайжан: Мақсат Толықбай бағдарламадан кет!

Жер мәселесін неге "Нұр Отан" талқылап жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жер мәселесін көтеріп жүрген қоғам белсендісі, саясаткер Мұхтар Тайжан Қазақстан ұлттық арнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасын сынады.

Саясаткердің айтуынша, Қазақстан ұлттық арнасы – мемлекет бюджетінен қаражаттандырылады, яғни халықтың қалтасынан ақша алып отыр.

Алайда халықтың емес, мемлекеттік мүддесін қорғап, Nur Otan-ның сойылын соғып отыр. 

Бұл жайлы ол Facebook-тегі парақшсында жазды:

"Мәселен, жер мәселесін талқылауға жиналған бағдарламаның жүргізушісі Мақсат Толықбай ініміз Адал партиясының мүшесі екенін білеміз. Республикалық бюджетінен қаражаттандырылып тұрған басты мемлекеттік арнасының басты саяси бағдарламасын неге бір партияның саяси кеңесінің мүшесі жүргізіп отыр?  Мәселе Мақсатта да емес, Адалда да емес, мәселе қағидада. Мемлекеттік арнаның саяси бағдарламасын саяси нейтралды тілші жүргізу керек, баспартийный.

Саяси партияның ішкі тәртібі бар, басшысы бар, Саяси кеңесі бар, соларға кез келген партияның мүшесі бағыну міндетті. Ал мемлекеттік арнасында саяси бағдарламасын саяси нейтралды адам жүргізу керек деп санаймын.

Мысалы, Ұлы Британияның мемлекеттік  BBC арнасының саяси бағдарламасын ТОРИ, немесе ЛЕЙБОРИСТІК партиясының Саяси мүшелері жүргізбейді ғой? Өйткені BBC - ол ортақ мемкелеттік арна, ешқандай партияның меншігі емес.

Екінші сұрақ. Неге осы Жер мәселесін тек қана Нұротан мен Адал мүшелері талқылап тұрды? Неге басқа партиялардың өкілдері қатысқан жоқ? Неге Ауыл мен Ақжол болған жоқ? Неге еш партияда жоқ қоғам белсенділерін және жер жанашырларын шақырмайсыңдар? Әсіресе 2016 жылы сол жер  үшін митингіге шыққан, полициямен қудаланған адамдарды? Мұндай белсенділер Астанада да жоқ емес, тауып шақыруға болар еді"

Қазақстан ұлттық арнасы бәрімізге бірдей болуы жөн, өйткені ол мемлекеттік ұлттық арнасы!

Ал Жер мәселесін шешуге біз тек бұл екі партияға – Нұротан мен Адалға беріп қоймаймыз!

Мақсат інімді журналист ретінде өз басым жоғары бағалаймын, бірақ сен не Адалдың қатарынан, не бұл бағдарламадан кету керексің, менің ойымша. Өйткені бұл жерде журналистік этика деген ұғым бар. Көрермендерге деген құрметің сол болады.

Сондай-ақ, бағдарлама сарапшы ретінде шақырылған Саяси кеңесінің басқа мүшесі – өзінді қойшымын деп таныстыратын Алмасбек Садырбайдың 1,6 мың гектар жері бар көрінеді. Ал бағдарламада ол жерді жекелендіруге беруді қолдап отыр.