Қоғам

Қазақ қызы болу сынақ па?

Қызын қырық үйден тыя отырып, қонақ екенін ескерткен халықпыз. Оң жақтағы қыз мәселесі қашан да актуалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,

Өңі кетіп шырайы сары болар.

Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,

Әр уақытта біреудің жары болар, - деп Шал ақын жырлаған екен. 

«Жиырмасында тұрмысқа шығу керек» деген бағдарламамен өскен бойжеткенге 25-інде отбасылы болмау қорқынышты бір түс. Қоғамда бар мәселе. Жігітке қыз, қызға дұрыс ер табылмайтын кез боп кеткендей.

Бұрын интернетсіз қалай болды десеңізші. Ол кезде жеңгелер жақсы жұмыс жасады дейді. Бәлкім ол заманда қыз баласының бар мақсаты тұрмыс құру ғана болды ма екен.

Қазір де бойжеткеннің жанды жері және оны бетіне баса беру бар. Әсіресе қазақы отбасында. Кеше 40 үйден тыйылған қыз қоғам айтқан уақытта отбасын да құра салуы керек. Қазақ қызына деген сынақ па дейсің.  

Әлеуметтік желіде тек қыз-келіншектерге арнап сауалнама жасадым. Орташа жасы 25-26 жастағы қыздар жауап берді. Қыздар мансап қуалайды және тұрмысқа шыққысы келмейді деген пікір бар. Сауалнамада 100% қыздар саналы түрде тұрмыс құрғысы келетінін растады. Яғни қыздардың дені тұрмысқа шығуға ниетті, тек заман талабы оған мүмкіндік бермеуі мүмкін. «Мен өзім қаламаймын деу» шындыққа тура қарамау және өзіңді ақтау іспетті қорғаныс амалы» дейді психологтар.

Ал тұрмысқа шықпаудың себебіне  өз адамын таппау, жауапкершілік, отбасы құруда әр адам әртүрлі жаста дайын болады, саналы түрде асықпай ойланып отбасын құру үшін және осы сынды жауаптар келді.

Қазір ол мәселе емес тек тұрмыс құру жасы ұлғайды деген де пікір бар. Олай дейін десек те 18-інде тұрмыс құрып жатқандар да жетерлік.

Қыздар өз еріктерімен тұрмыс құруды қалайды. Бірақ... Бірақ сол белгісіз себептер бар.