Weekend

Карнавал

Поэзия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

КАРНАВАЛ
Қайығың болса, Венецияға барайық,
Сулы мекеннен шөлді мекенге қарайық.
Шөлейтке кімнің жаны шыдайды, көрейік...
Шыдаған жанды бауырымызға алайық!

Жерорта теңіз, қаланың шетінде болса,
Жер деген мынау - теңіздің шетінде болса...
Адамның бәрі арасында ғой екеудің,
Бірақ та олар теңіздің бетінде болса...

Мәрия-ау, айтшы, не болмақ сонда мына өмір,
Мына өмір емес, құла өмір, бәлкім бұла өмір.
Ажалға, судың кейпінде алқымың қысқан,
Дәл өзін жұтып, шамына тиіп күле біл!

Венецияда көлік жоқ, қазірден шыда,
Қайығың болса, жетерсің тіпті аршыға.
Өлетін қала ертеде өліп қалатын,
Теңіз бетінде асығы түскен алшыға...

Суы кеппеген бір өлең жазған қаламы,
Қаламды ұстаған сол елдің - ұлы, бағалы.
Таңданар өлең - бүгінгі күннің талабы,
КАРНАВАЛ деген - өлмеудің жалғыз амалы.

Теңізде салар ән бөлек, тағы ән керек,
Толқынға төтеп беретін және хәл керек.
Қайығы барлар айыпқа бұйырмасыншы,
Айыбы барлар қайыққа мінсін тәубе деп...