Қоғам

Жүргізуші куәлігін жеке куәлік алмастырады

Жүргізушілер 13 ақпаннан бастап көлікті тек жеке куәлікпен жүргізе алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтар 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз тек жеке куәліктің көмегімен көлік айдауына болады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына қатысы жоқ.

Бұрын жүргізуші құжаттарынсыз жүргендерге ескерту (егер алғаш рет болса) жасалып немесе 5 АЕК айыппұл салынатын.

Ақпаратты  ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің Facebook парақшасында айтты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды", - дейді министр Facebook желісіндегі парақшасында.