Құқық

Қазақ қызының құқығы

Қыз баласының табиғаты қашан да нәзік болмыспен ерекшеленеді. Санамыздағы салтқа зер салсақ әйел адам ер адамнан бір саты төмен тұру қажет деген ұғым бар. Бұл ұлы сөздің мағынасы ері ашуланып шарасыздық танытқанда оған қолдау көрсетіп өзіндік парасатымен пайымдау деп түсінемін. Осы сөзді өз ақыл деңгейімен бұрмалап қыз баланы қоғамның езгісіне қалдыруы жөн емес деп есептеймін. Түгел сөздің төркініне көшер болсақ бұрынғы және қазіргі қыз баласының құқығының қорғалмауы. Неге? Себебі олардың қауқарсыздығы. Неге? Себебі қоғамдағы  қыз баласының құрметтелмеуі. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кезінде 80 жастағы шалға еркінсіз ұзатылған Балхадиша протипінен бастап, қазіргінің (кейбір) еркексымақтарының мың тоқпағына да шыдап 10 баласын қайда апарарын білмей жыламсыраған нәзік жандыларды көрсем, тамшы жастарым шелек тұрмақ шексіз далаға жайылардай болады.

Қыз баласы – болашақ ана, елдің ертеңгі ұрпағын тәрбиелеуші, ол күң немесе құл емес. Олардың да өз пікірі, сана сезімі бар. 

Заманның дамуындағы осы бір теңдік ұғымы арқылы саналылар тобы қыз баласының мәртебесін көтеруге қашан да атсалысып келеді. Бірақ стеротиптер олардың алдын орап әлек. "Қызды қырық үйден тыю " дейді.

 Шараптан бас алмай тайраңдаған, отбасын ойламайтын ер азаматтарға да бір дала заңы керек. Егер ер мықты болса, отбасы ешқашан күйремейді.

 Теңгеге сатылған қыз тағдыры, зорлықпен алып қашқан жақындарынан жырақ өмір, туылмай жатып атастырылған қилы тағдыр  – барлығы дамыған адам түсінігінде тозған салттың сатпақтарындай көрінеді. "Заман дамыды, біз өзгеруміз керек" дейді жұрт. Ендеше өзгерісті қыз баласының ауыр тағдырын қолдан жасамай, дала заңы мен мемлекет заңдылығын тең ұстауымыздан бастау қажет.  ҚР Конституциясы 1-бөлім, 1-бап, 1-тармақта "Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі" делінген. Ал біздің қоғамның кейбір бөлігі неге оларды қор қылуға асығады?