Қоғам

Жаңа заң: Алдыңғы айыппұлдарыңыз кешіріледі

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігін ұмытқаны үшін салынған ескі айыппұлдары кешіріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтарға 13 ақпаннан бастап өзімен жүргізуші куәлігін алып жүру міндетті емес. Бұл заң  осы жағдаймен әкімшілік жауапқа тартылған және айыппұлы әлі төленбеген адамдарға да қолданылады. Осылайша, бұрын салынған айыппұлдар кешіріледі. Норманы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті түсіндірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Тиісінше, аталған құжаттардың болмағаны үшін қозғалған барлық істер, заң күшіне енгенге дейін айыппұл төленбесе, тоқталған болып саналады. Бірақ мұндай істерді құқықбұзушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда және ол бойынша тексеру жүргізілгеннен кейін ғана тоқтату керек»,- деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қабылданған түзетулер шетелдік нөмірі бар көліктерге және Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алғандарға қатысты қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркелгені туралы куәлікті көрсету міндетті болып қалады.