Саясат

Үкімет басшысы оқиға орнына неге келмеді?

Қайғылы оқиғаға аза тұтып, қайғыра көңіл айтамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпанның 4 күні орын алған Астана қаласындағы қайғылы оқиға кезінде бес бірдей қызынан айырылып қалған ата-ананың көз жасын халық болып тоқтата алмаспыз.

Көпбалалы аналар мәселесі қаңтар айынан беріп талқыланып, министр Мәдина Әбілқасымова сынның астында қалған. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы көлемі 16 610 теңгені құрап, бұл туралы министр: «Басқа елдерде мұндай жоқтың қасы. Ресейде аналық капитал бар. Бізде жылдар бойғы жәрдемақыны есептесе, бірнеше миллион шығады»,-деп ойын ашық жеткізен болатын.

Арада бір ай уақыт өтісімен қайғылы оқиға орын алып, бес бірдей бала өрт салдарынан көз жұмды. Бұл күнді және алдағы үш күндікті «Ұлттық азалы күн» ретінде ұсыну туралы ақпарат желі белсенділерінің арасында қызу талқыланып жатыр.

Франциядағы жағдай...

Францияның Перпиньян қаласында орын алған қайғылы оқиға кезінде төрт бала қаза тапқан болатын. Бұл осыдан екі жарым жыл бұрын орын алған оқиға. Көлік және коммуникация министрі Элизабет Борн дер кезінде оқиға орнына аттанып, твиттер желісінде «қайғылы жағдай» деп баға берген. Ал Францияның премьер-министрі Эдуар Филипптің оқиға болған жерге барғаны туралы да ақпарат расталған. Бұл ғана емес, ел президенті Эмманюэль Макрон да сол күні твиттер желісінде қайғыра көңіл айтып, ел болып бұл оқиғаға жұмылатынын жазды. 

Бұл жол апаты жағдайында орын алған оқиға. Біздегі жағдай мүлде басқаша. Себебі, бес баласын үйге түнде жалғыз тастап, ата-анасы жұмыс істеуге кеткен болса, бұған кімді кінәлайсыз? Ашығын айтқан кезде, көпбалалы анаға 16 610 теңге балаларын асырауға жетпейді. Күн көру үшін ақша табу керек. Ал қоғамдық және әлеуметтік мәселені шешуге қауқарсыз қалған биліктің әрекетінің соңы қайғылы қазамен аяқталды.

Ел болып қайғырып, оқиға болған жерден арнайы түсірілім жасап жатқан кезде, ҚР-ның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова неге бой көрсетпеді? Неге оқиға орнына барып көзімен көріп, халыққа жағдай туралы ақпарат бермеді? Бұдан бөлек үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мырзаның да оқиға орнынан табылмауы қалай?

Бұл ортақ ұлттық трагедия емес пе?