Bugin

«Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе?»

Ахмет айтқан «қазақ өкпесі»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 2021 жылы Қазақ қоғамында аталып өтер мерейтойларға толы.Соның бірі «Айқап» журналының 110 жылдығы болып есептелінеді. Бұл басылым 1911 жылдан бастап жарық көріп қызмет атқарған.Баспа іші, халық арасындағы оқиғалар мен қазақтың ілгері басуы үшін жазылған мақалаларға толы.Бүгін сондай мақалалардың бірі, «Айқап» журналында жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «қазақ өкпесі» шығармасын талдап көрейік.

«...Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па  - соны жазбақпын...»- бұл мақаладан үзінді.

Бастапқы сөйлемнен-ақ тақырыпты ашып айта білген Байтұрсынов әрі қарай өзінің көрген-білгенін көркем оймен жақсы жеткізді.Шығарманың мәнін түсіндіретін мына бір үзіндіні оқып көрсек. «...Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұлтиғаннан ештеңе өнбейді. Іс оңғы басарлық қылығың жоқ. Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма. Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол халықпыз. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Оны Алла да, адам да  қабыл көрер ме?! Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңдіріп алған тиын жұғымды. «қараған қарап қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ. Қарап жатқанда табылатын болса, ғылым, өнер баршасы қазақта болар еді.олардың бірі де көрінбейді...» Бұл сөздерден не түсінеміз? Оқырманға айтқысы келген ойды,мынандай мақалмен жеткізуге болады «егін екпей жерге өкпелеме,еңбек етпей елге өкпелеме» .Ахмет Байтұрсынов осы мақала арқылы қазақтың әр нәрсеге,өз жоғына өкпелей бергеннен пайдасы жоқ,яки әрекет ету керек,һәм сонда берекет те болады деген ойды жазған. «Қазақ өкпесі» деп тақырып алып,Ахмет өзінің қазаққа өкпесінде осылай түсіндірді. «...Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді,елсізді елдіге теңгеретін  жоқты барға теңгеретін  ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ...»  Расымен сол кездерде көзі ашық,ғылымға бет бұрған қазақ азаматтары аз еді.Халықтың көбі надан,оқуға ниеті жоқ болатын.Мақаланың негізгі ойы осы,халықты ояту.Бұл сол дәуірдің көрінісі.Ал қазірше? Байтұрсыновтың,жалпы алаштықтардың қазақ жұртты ғылымға,оқуға бет бұрса деген арманы орындалдыма?

Бүгінгі қоғамның келбеті,көрінісі өткен заманнан жақсарды,десекте,Ахмет аңсағандай емес. Еркіндік,елдік алған заманда дүние кешсекте мәдениетіміз бен әдебиетіміз,дәстүріміз бен дініміз,санамыз бен салтымыз,тіліміз бен тағылымымыз дамудың кері процесінде орындалып жатырғандай.Тіліміздің тағдыры түсінікті.Дініміздің дамуы да айқын кері жүруде.Мәдениетіміз батыстанса,әдебиетімізді оқыр жастар азайды.Салтымыздың жартысы өзгерді,тағылымымыз төмендеді. «Қазақ өкпесі» деп мен де бір мақала жазсам,Байтұрсыновтай дәл осы мәселені қозғар едім.Әрекет ептей ешкімге өкпе артпаңдар,һәм ғылым-білім іздеңдер,көп оқыңдар,заманның лебімен әрі қарай қазақты дамытыңдар деп.Себебі «алаш» аңсаған ұрпақ бүгінгі күнгідей емес!

Ойдың,мақаланың қорытындысын былайша аяқтауға болады. «ғылым таппай мақтанба»-Абай Құнанбаевтың керемет сөзі.Әрекет етпей берекет күтпе.Біреуге өкпелемес бұрын өз әрекетіңе қара. «Көбірек зейінді ,аңғарымпаз болуымыз керек» деп Бейсен Құранбек айтқандай, Алаш армандаған елді қалыптастыруымыз өз қолымызда.