Денсаулық

Қатерлі ісіктен айығудың жаңа жолы пайда болды

Қатерлі ісік жасушылары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның Солфорд университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жасушалар әрі қарай таралса, адам қатерлі іске шалдығуы мүмкін. Сондықтан олар дәрі-дәрмек көмегімен қатерлі ісік жасушаларын жойып, алдын алуға болатынын айтаы. Бұл туралы Medical Xpress баспасөз отырысында хабарланды.

Мамандар сүт безіндегі қатерлі ісік жасушаларын зерттей отырып, барлық жасушалардың 0,2 пайызы қатерлі жасуша, сонымен қатар олардың ерекше белгілері бар екенін анықтады. Бұл жасушалар адам қуатының басым бөлігіне әсер еткендіктен, тез көбеюде. Ол жасушылар адамның қантамырына, ағза-мүшелеріне өтеді. Ал осыдан соң қатерлі ісіктің басты қаупі метстаз жүреді. Метастаз дегеніміз ауру тудыратын ісік жасушыларының зақымданған бөлігінен қан мен лимфаның орын ауыстыруы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік қоздырғыш дерт.  

Зерттеушілер, сонымен қатар, жасушалардың бұл түрі жарық энергиясын жұтып алуға қабілетті екенін анықтады. Олардың айтуынша, болашақта олардың көбеюін тоқтататын арнайы препараттар ойластырылады.