Әлем жаңалықтары

Сойылған есек сүйектері табылды: Асханалар тексерілуде

Жергілікті Ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарақалпақстанның Элликқала ауданында есектер жерленген орын табылды. Жергілікті құқық қорғау органдары асханалар мен ет дүкендерін тексеріп жатыр. Санитария-эпидемиология қызметі есек етінің қандай мақсатта қолданылғанын анықтамақ. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Орталық Азияның жаңалықтары басылымына сілтеп хабарлайды.

Жергілікті блогер Достон Болтаев Элликқала ауданында елуден астам есектің сүйегі жатқан жерді көрген. Болтаевтың айтуынша, кейін осы маңнан тағы да оннан астам есек сүйегі табылған.

«Өлкеде есек сүйегі мен ішек-қарны табылған. Алайда еті мен терісі жоқ. Мұнда кем дегенде 55 есектің сүйегі жатыр. Есектің еті қандай мақсатта қолданылуда?» деді Достон Болтаев.

Атап айтқанда, бұрындары Өзбекстанның басқа облыстарында есек сүйектері тасталған орындар табылған. Сол уақытта есек етін шұжық пен тамаққа пайдаланғаны анықталған.