Спорт

Денис Тенді тапсырыспен өлтірген 21 дәлел бар

Спортшының анасы шағым түсірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасының қорғаушысы бірінші сатыдағы сот үкіміне шағым берді. Зардап шеккен тараптың пікірінше, шешімге өзгерістер енгізу қажет. Нұрлан Өстеміров шағымда спортшының өліміне қатысты істе басқа да қатысушылардың бар екендігі туралы 20-дан астам дәлел келтірген.

Оксана Теннің қорғаушысы бұл көмектесушілер, арандатушылар және спортшыны өлтіруді

ұйымдастырушылар болуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, сотталғандар

Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева солардың

тапсырысымен әрекет еткен.

Шағымда қорғаушы сотталғандарға жазаны күшейтуді, сондай-ақ Жанар Толыбаеваның ісін Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша оның әрекеттерін саралау үшін прокурорға қайтаруды сұрайды.

Өстеміров бұл өлім тапсырыстық сипатқа ие болғаны айтуды жалғастыруда.

“Олардың қылмысты тапсырыспен істегенін көрсететін 21 дәлел бар. Бар мәселе сонда, тапсырыстық қылмысты ашу өте қиын. Бәлкім, сотталушыларға “барлығын мойындасаңдар, топтық, ұйымдасқан қылмыс болып кетеді. Бұл кімге тиімді?” деп айтқан да шығар”, -деді қорғаушы.

31 арна