Hi-Tech

Илон Масктың супержылдам пойызы таныстырылды

Сағатына 1200 км жылдамдықпен жүре алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан үш жыл бұрын жер бетіндегі «Темір адам» атанып кеткен Илон Маск футуристикалық дизайндағы болашақ пойыздың үлгісін таныстырды. Болашақтың қатынас көлігі ретінде Hyperloop атауын да алған.

 

Алғаш жоба ұсынылған кезде ақылға қонымсыз болып көрінген. Уақыт өте келе жоба өзінің жемісін берді және оның ешқандай да қиялға негізделмеген еңбек екенін дәлелдеп шықты.

Hyperloop Transport Technologies компаниясы Испанияда өткен көрмеде сағатына 1200 км жылдамдықпен жүретін жүйрік пойызын таныстырды. Аталған пойыздың бір капсуласына 40 адамға дейін сияды. Ал сондай жылдамдығының арқасында ол тәулігіне бір бағытта 164 мың адамды үйіне жеткізіп сала алады.

 

Hyperloop – қайталанбас үлгідегі ең жоғарғы технологиялармен жабдықталған супержылдам пойыз. Пойыздың құрлысымен бірнеше компания жұмыс жасап келді. Ең жоғарғы жылдамдық – 1220 км көрсетіп отыр. Пойыз арнайы жасалған вакумды қабат ішінде қозғалатын болады. Адамзатты таң қалдырудан шаршамайтын Илон Масктың бұл пойызы, жақын арада қолданысқа беріле қоймайды. Қазір компания тек концепциясын таныстырды.