Саясат

Үш адамды мерт қылған Ильяс Карға қатысты полиция мәлімдеме жасады

Қылмыстық іс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полициясы Абай мен Сейфуллин көшесінде үш адамды мерт қылған Gelendwagen жүргізушісі Ильяс Карға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деген ақпарат қауесет екенін хабарлады. Қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде таратылған ақпараттың шындыққа сай еместігін мәлімдеді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ильяс Карға қатысты қылмыстық іс әлі соттың қарауында жатыр. Ол ұсталған уақыттан бастап қамауда жатыр. Азаматтарға тек ресми ақпаратпен бөлісуін, жалған ақпаратты таратуға үлес қоспауларын сұраймыз. Шындыққа сәйкеспейтін қауесетті БАҚ арқылы және басқа да ақпараттық желілер арқылы тарату ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлімімен жазаланатынын ескертеміз», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі, подполковник Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда болған еді. Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mersedes Gelаndеwagen Mitsubishi Galant көлігі соқтығысқан болатын. Mersedes Gelаndеwagen көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апатынан 3 адам: Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы  көз жұмды. Олардың арасында белгілі актриса Шолпан Елгезек бар. Кейін белгілі болғандай, 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі көлігін мас күйінде айдаған. «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомобиль жүргізушісі, 1985 жылы туған азамат К. Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол апатын жасағандықтан, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталды. Тергеу барысында жүргізушінің мас болғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына және 347-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді полициядан.