Білім және ғылым

Flex: Америкада білім алу үшін

Flex(future leaders exchange) – грант ұтып алу мен орта біліммен алмасу жобасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазірде ағылшын тілін үйреніп жүрген жас өрен өте көп. Сондай жалындап тұрған жастарға АҚШ мемлекетінің басшылығы үлкен мүмкіндік сыйлап жатыр.

Таныс алмасу жобалары 18-ден асқан азаматтарға ұйымдастырылған. Бірақ бұл жоба – сіз бен біз секілді 14-16 жастағы жасөспірімдердің мүмкіндігі.

Конгрессмен Билл Бредлидің бастауымен қолға алынған бұл жоба 1992 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Өткізілген отыз жылға жуық уақыт ішінде 30-34 мыңға жуық жан Американың салт-дәстүрі, тілі мен дінін танып келді.

Жобаның өзі ТМД елдерінің аясында өткізіледі. Ұйымдастырушылардың бар қоятын талабы – ағылшың тілінің негізін білу және жобаның аты айтып тұрғандай көшбасшылық қасиеттің иегері болу.

Жоба барысында 3 кезеңнен өткен балаларға жоба ұйымдастырушылары америкалық отбасы іздестіреді. Өткен балалар сол таңдалған отбасымен 1 оқу жылы бойы тұрады. Жоба финалистеріне барлық мүмкіндік тегін қарастырылады. Әр жылдың қыркүйек айынан бастап әр өтініш иесіне тіркелу ашылады.

Осы жылы әлемде болып жатқан пандемияға байланысты барлық кезең қашықтықтан өткен болатын. Егер алдағы жылдары карантин шаралары жеңілдетілсе штаттық режимде өткізілетіні айқын.

Мен өзім осы жобаның жартылайфиналисі болғандықтан осы секілді оқуға жіберетін жобалар жайында жастарымыз көбірек білгенін қалаймын.

Қорықпай бағыңды сынап көр!!!