Bugin

Қаржы пирамидасының негізін қалаушы ұсталды

Елімізде тағы қаржы пирамидасы ұйымдастырылып азаматтар 70 млн теңгеге алданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмолада полиция қызметкерлері WhatsApp желісі арқылы қаржылық пирамиданы құрған 48 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы Bugin.kz патформасы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғыны ақша табу мақсатында 2021 жылы WhatsApp мессенджері арқылы пирамида құрғаны анықталды. Пирамидаға Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан 20-ға жуық адам алданып қалған. Жалпы 70 млн теңгенің шығыны анықталды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғыны ғаламтордағы алаяқтыққа тап болып 60 мың теңгесінен айырылып қалғаны жайлы шағымданып арыз жазған. Нәтижесінде, ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөліміндегі алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.