Weekend

"Бұл нағыз шеберлік" Шетелдік актер Димаш туралы ойын айтты

Бір адамның өзі мұны қалай орындап шыққанына таңғалдым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Димаштың АҚШ-тағы The World's Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланды.

Ол Қытайдағы I'm A Singer байқауында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған. Айта кетейік, бұл байқауға қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова да қатысты.

"Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты", - дейді актриса Дрю Бэрримор.

"Бұл шеберлік пен табиғи дарын. Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің", - деді актер Ру Пол Андре Чарльз.  Димаш Құдайберген өнер көрсеткен соң байқаудың Twitter желісіндегі ресми парақшасында қызықты сәт түсірілген үзінді пайда болды. Мұның алдында Димаш Құдайберген бұл ол қатысатын соңғы байқау екенін айтқан еді. Айта кетейік, шоудың басты жеңімпазы бір миллион доллар алады.