Білім және ғылым

Студенттік өмірдің қызықтары

Студент болу – жастық шақтың соңғы кезеңі. Зымыраған студенттік өмір қызығы мен шыжығы аралас

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арман қуып Алматыға жастарымыз келіп жатады. Алда не күтіп тұрғанын, қандай оқиғаларға тап боларын білмейді. 11-сынып бітіргеннен кейін «оқушы» деген сөз «студент» деген терминге ауысады. Санамызда біз естіп жүрген «аудитория», «лекция», «сессия» деген түсініктер қалыптаса бастады.

«Апай, ағай» дейтін атауларды ұмытып, енді профессорларды аты-жөнімен атау керек. «Математика, биология» дейтін қарапайым сабақтар күрделеніп, өзіңіздің мамандығынызға сай түрлі, қызықты сабақтар сіздің оқуға деген ынтаңызды ашпай қоймайды. «Апай дәптерімді ұмытып кетіппін, сабақты қайталап алуға бола ма немесе ертең дайындалып келіп айтсам» деген сөздер арман болып қалады. Себебі «баға» деген сөздер қалып, «балл» деген сөзге ауысады. Сіз өзіңіз келген таныс достардан бөлек, мұнда әр аймақтан келген жаңа достармен танысасыз. Ең қызығы сіз оларды бастапқы кезде түсінбейсіз. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші әр аймақтың өзіне тән диалектері бар. Сізге басында сөздері қызық естілуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе үйренісіп кетесіз. «Студенттік өмір» дегенде ойымызға бірден «жатақхана» деген сөз келеді. Иә, қызығы мен шыжығы қатар жүретін, бір кезде аш немесе тоқ жүретін, түнімен шулап жатақхананы басына көтеретін ең қызықты әрі керемет оқиғалар осы жерде өтеді. Менің түйгенім, кейін «әттеген-ай, студенттік кезімде істеуім керек еді» деп өкініп қалмау үшін сізге берілген кезді жаңа мүмкіндіктерге, пайдалы және қызықты сәттерге жұмсаңыз.

Батыл қадамдар жасап, кейін «қайран, студенттік кезім-ай» дегенде ауыз толтырып айтатын әңгімелеріңіз көп болсын.