Weekend

Көңіл-күйді көтерудің 7 дәлелденген әдісі

Көңіл-күй күннің сәтті аяқталуының жемісі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. Көңілді Playlist

Сізге қуат беретін сүйікті әуендер тізімін жасаңыз.Әуеннен ләззат алып, қуана біліңіз. Қайғылы музыка сіздің онсыз да күңгірт көңіл-күйіңізді түсіреді. 

2. Дене белсенділігі

Психикалық денсаулық пен физикалық денсаулық арасындағы байланысты біліп алыңыз.  Американдық психологиялық қауымдастық жаттығуды психотерапияға енгізуді ұсынады.  Сондықтан би билеңіз, секіріңіз немесе жеңіл жаттығулар жасаңыз.

3. Досыңызға қоңырау шалыңыз

Достарыңызбен сөйлесетін ортақ топ болса, сол жерге: қолдау сөздер, мен жақсы  стикерлер жіберсеңіз көңіл күй көтеріледі. Жиі жақындарыңызға қоңырау шалыңыз. 

4. Қарапайым мақсаттар

Көңілсіз күн мен енжарлық сіздің энергияңыз бен жұмысыңызға кесірін тигізеді.  Өзіңізді ренжітпеңіз: егер күн жақсы болмаса, он қиынның орнына үш жеңіл нәрсені жоспарлаңыз.  Мақсатқа жету оңай болса да, өзіңе деген сенімді арттырады.

5. Жылы тілектер

 Тілектердің орындалуы әрқашан шабыттандырады.  Егер дәл қазір сіз көптен күткен сапарға бара алмасаңыз, сіздің қолыңыздан келмейтіндігі емес. Дәл қазір сіз одан да жағымды нәрсе жасай аласыз.  Нақты не туралы соны ойланыңыз.

6. Үзіліс жасау

Жағымсыз көңіл-күй көбінесе стресс пен шаршаудың нәтижесі болып табылады.  Егер шаршасаңыз, өзіңізге үзіліс жасаңыз.

7. Өзіңізге рақмет айтыңыз

Қараша айы болса да, қолыңыздан келмей жатса да, бәрі бірдей жаман емес екенін еске салатын тағы бір қарапайым жаттығу.  Өзіңізге алғыс айта алатын он әрекеттің  тізімін жасаңыз. 

  • Сіз таңғы асты дәмді әзірлей алдыңыз ба? 
  • Жақсы. 
  • Сіз пайдалы мақаланы оқыдыңыз ба? 
  • Керемет. 

Мақтаудың нақты он себебін табу керек.