Bugin

Ресей киностудиясы өзбек президенті жайлы фильм түсіреді

Тәуелсіздік күніне орай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің "Мастерская" атты киностудиясы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жайында деректі фильм түсіруге кірісті.

Фильм Өзбекстан президенті әкімшілігінің тапсырысымен, "Өзбеккино" студиясымен бірігіп түсірілмек.

Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай түсірілгелі отырған фильмнің ресми көрсетілімі Тәуелсіздік күні – 1 қыркүйекке жоспарланған.

Ал түсірілімі Өзбекстанда тамызда өтетін президенттік сайлауға дейін аяқталмақ.

Айта кеткен жөн, аталмыш Ресей киностудиясы 2015 жылы Путинге арнап деректі фильм түсірген. Атауы – "Президент. История новой России".