Bugin

Жер сатуға тыйым: Қандастарға да жер берілмейді

Қазақстан азаматтарына жерді жалға алуға рұқсат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Мәжіліс сайтында жер қатынастары заңнамасына өзгерістер енгізу жайлы заң жобасы жарияланады. Аталмыш заң жобасында шетел азаматтарына ғана емес, әлі азаматтық алмаған қандастарға да жер беруге тыйым салынады деп жазылған. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Атап айтқанда, заңның 24-бабында мынандай өзгеріс енгізу ұсынылған:

"Аталыш заң жобасында шетел азаматтары мен шетелдік, халықаралық ұйымдарға, ғылыми орталықтарға, шетелдік қатысымы бар ҚР азаматтарына, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді беруге тыйым салынады", - деп жазылған.

Қандас (бұрын оралман) дегеніміз – тарихи отанына оралған этникалық қазақ.

"Қандастарға бағбандық, өзіндік қосалқа шаруашылық жүргізу мен саяжай салу арналған жер телімдері ауылды елдімекен аумағынан беріледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілмейді", - делінген құжатта.

Ал қандас ағайындар ауыл шаруашылық жерлерін жалға  алу үшін Қазақстан азаматтығын алуы тиіс. Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін 10 жылдан 49 жылға дейін жалға алуға рұқсат берілген.

Оқи отырыңыз

Жазушы: Тоқаевтың жерді сатпаймын дегені – алдау