Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер

Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз да жақындап келеді. Соған орай, сіздерге Наурыз мейрамы туралы қызықты деректерді ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

• Наурыз мерекесі XVIII ғасырға дейін ежелгі Римде, Грекияда, Ұлыбританияда аталып өтілетін. Сонымен қатар, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген деректер қоры бар. Бұндай деректерге біз көктем мерекесі туралы жазған антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерін мысалға келтіре аламыз. 

• Бүгінгі күнге дейін Наурыз мерекесінің құрылу тарихына байланысты болжам өте көп. Негізі бұл мереке мұсылмандыққа дейінгі замандардан бастау алған. Ғалымдар бұл мерекені шаманизм мен зороастризммен байланыстырып жатса, кейбірі Парсы патшасының жорықтарынан бастау алған деп ойлайды. 

• Наурыз қазақ елінде ғана тойланбайды. Ол бізбен шектесіп жатқан Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей секілді елдерде де атап өтіледі. 

• Шығыс жыл санағына үңілсек, бұл мереке Иран елінің жаңа жылы Наврузбен жанасады. Тәжік халқы бұл мейрамды "Бәйшешек",  "Гүлнавруз",  бирмалықтар  "Су мейрамы" , буряттар  "Сагаан сара" деп атайды. 

• Мереке күні қар жауса, қазақ халқы оны жақсы ырымға балаған. Әдетте, ақ қарды қыздың сұлулығына теңестірген. Себебі, Наурызда жауған қар өте жұмсақ әрі аппақ болатын.