Шымкент көшесіне қазақ радиосының аты берілді

Биылғы қазақ радиосының 100 жылдығына орай шырайлы Шымкент қаласынан көше берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында қалалық мәслихатта Шымкент көшесіне қазақ радиосының атын беру туралы шешім қабылданған болатын. Көшенің ұзындығы – 1900 метр. Бұл жаңалық жайлы кеше Мұхамед Әлі Болатұлы өзінің инста парақшасындағы тікелей эфирінде сөз қозғады. Жұмыстар Ерсұлтан Әмірбектің жеткешілігімен жүргізіледі.

Сонымен қатар, елордамыз Нұр-Сұлтанда да Достық көшесінен бастау алып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдындағы атаусыз көшеге қазақ радиосының аты берілмек.

Шымкент қаласындағы бүгінгі өтетін ашылу салтанаты сағат 14:30- да болады.