Weekend

Еліміздегі мал базарлардың бірінде аю сатылған

Түркістан облысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылындағы мал базарда аю сатылған. Аталған оқиға әлеуметтік желіде тарап кетті.

Аталған оқиғаны Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі растап отыр.

Суретте көріп тұрғандай, темір тор ішінде қамалған аюды мал базарына әкеліп сатпақ болған. Алайда, бұл туралы ақпарат жергілікті полиция қызметіне хабарланып, ақыры тергеу нәтижесінде аю Шымкенттегі зообаққа жеткізілген.