Bugin

Халықаралық «Turkistan» телеарнасы ашылды

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында таңғы 7-ден бастап «Turkistan» телеарнасы жұмысын бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы көрерменге жол тартты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде үш тілде хабар тарататын арна болмақ.

Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызық бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. Атап айтқанда «Salem» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, «Turkistan times» жаңалықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді көрерменге берері мол бағдарламалар да өз көрерменін күтеді.

«Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыратын алтын көпір болмақ.