Марғұлан Ақан

Өз өміріңіз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз

Еліміздегі қай қаланы алып қарасаңыз да, адамдардың өз қауіпсіздігіне деген ат үсті түсінік бар. Бұлай дейтініміз, мектеп оқушысынан бастап үлкендерге дейін жол ережесін көліксіз-ақ бұзып келеді. Бір Алматы қаласының өзінде күніне жүзден астам жаяу жүргіншілер жолымен өтпегені үшін айыппұл салынады.

 

Негізгі жол ережесін бұзушылық тұрғындардың жая жүргіншілер жолынан алыста болуынан немесе «өтіп кетей салайық» дейтін арзан ойдың жетегінде орын алады. Бұл біріншіде өміріңізге төніп тұрған үлкен қауіп екенін ескеру керек. Ал өтіп кетіп, бірақ жол полициясына ұсталып қалсаңыз, ақшаңызды дайындай беріңіз.

 

Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жол ережесін бұзып, жая жүргіншілер жолымен өтпегені үшін бір адам 5 айлық көрсеткіштегі айыппұл төлейді. Теңгеге шақсақ – 11 345 теңге. Аталған жағдай екінші рет қайталанса, 20 айлық есепке дейін барады және 3 тәулікке қамауға алынасыз.

 

Жұмысқа асығып тұрсаңыз да, өміріңізді және қалтаңыздағы артық ақшаны сақтап қалуға тырысыңыз!

0 Пікір Кіру