Weekend

Құнды дерек: Осман-Цин қатынастары туралы

Өткенше үңілу және талдау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құнды деректер әрдайым ел үшін, елдің тарихы мен мәдениеті үшін маңызды рөл атқарады. Осы кезекте Елдес Орда (Eldes Orda) есімді Facebook әлеуметтік желісіндегі азаматтың Осман мен Цин арасындағы қатынас туралы құнды ақпаратты беріп отырмыз. 

 

Осыман-Цин қатынастары (Osmanlı ve Çing İlişkileri) туралы зерттеу бүгінгі қазақ қоғамы үшін тіптен Түркия үшін де беймәлім тақырып екенін түсінемін. Бізге тіке қатысты тұсы Осман-Цин қатынастарының Шыңжаң мен орталық азияға жасаған ықпалы болмақ. Меніңше Осыман-Цин қатынастарын былай талдауға болады:

Осыман-Цин мәдени-ағарту қатынастары; ЖОО ашу, Қор-Уақф құру, т.б

Осыман-Цин мұсылман жамағатымен қатынастар (көбісі Хуийзулар);

Осыман-Цин Шыңжаң қатынастары (Қашқария-Қазақия Саяxатнама, Саяси, Руxани байланыс);

Осман-Цин Шыңжаң Мұсылмандары қатынастары (Саяси, Әскери байланыс); т.б

Осы категория бойынша қарастырсақ Осман-Цин қатынастарына бір табан жақындайтын боламыз. Осыманлы сұлтаны Әбділ-Қамит Екі-нің биліктегі өмірі Осман-Цин қатынастарының біршама дәурендеген тұсы саналады. Деректер бойынша Осман мемлекеті Цин орталығы Пекинде оқу ордасын ашқан (жоғарыда суреті бар). Сонымен қатар Осман мемлекетінің орталық агентігі Цин туралы өзекті ақпараттарды жинап сарайда талқыға салып соған байланысты күрделі қадамдар жасап отырған. Осыған дейін "Қытай Қазақтарының Османлы мемлекетімен қарым-қатынастары" туралы жазғамын. Сонда айтып өткенімдей Осман мемлекеті Шыңжаң өлкесіне астыртын барлау жасап ондағы күштермен байланыс жасауға ұмтылып отырған. Цин құрамындағы түрлі саяси толқуларды зерттеп бірде қолдап, бірде әскери көмек беріп отырған. Сонымен бірге, Пекиндегі Цин элиталарымен ымыраласып Цин мұсылмандарына руxани қорған болуға да тырысқан. Осы күнге дейін айтылмай, жұрт оңайға бара алмай жүрген тақырып Осман мемлекетінің Пеиндегі мәдени-ағарту іздері болмақ. ЖОО ашумен бірге түрлі қоғамдық қор-уақыфтар құрып әлеуметтік көмек жасап отырған. Осман елі бұнымен қатар қиыр шығыстағы (Uzak Doğu) үш елдің бірі Жапон мемлекетімен де тең құқылы байланыстар орнатып отырған.

Осман-Цин қатынастары өте күрделі болды деп айтқым келеді. Өйткені, екі империя әбден әлсіреп тураланып тұрған тұсында саяси, мәдени байланыстар орнатқысы келді. Бірақ, мүмкіндік шектеулі-тін. Екі ел арасындағы саяси позицсия кей мәселелерге байланысты қайшылықтарға да жол ашқан болуы әбден мүмкін. Осман-Цин арасындағы экономикалық мүдде байланысы бүгінгі Түркия-Қытай қатынастарының алғашқы бастауы да болар. Түркия мен қытайда бұған қатысты тариxи арxив көмулі жатыр.

Осман-Цин қатынастарының Шыңжаңға, орталық азияға ықпалын зерттеп сараптай алсақ, бүгінгі Түркия-Қытай қатынастарын мүдделік мүмкіндіктермен өз уақыт кеңістігімізде біршама дұрыс талдай аламыз деп ойлаймын. Одан кейін Түркия-Қытай қатынастарының Орталық Азияға ықпалын асықпай дәлдікпен өлшеп сараптай алатын боламыз.

Қытайда Осман-Цин, Осман-Қытай қатынастары мен оның Шыңжаң өлкесі және мұсылмандарға жасаған ықпалы туралы біршама көп зерттеді. Ал, Түркияда бұл тақырыптың мамандары енді толығады деген үміттемін.