Экономика

2 жыл халыққа айына себепсіз 239 680 теңге берген эксперименттің нәтижесі

Фин үкіметі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фин мемлекеттік Kela әлеуметтік қамтамасыз ету агенттігі елдегі экономикалық эксперименттердің бірін жариялады. Олар екі жыл ішінде жұмыссыз жүрген топқа айына 560 еуродан (239 680 теңге) беріп отырған. Яғни, олар бұл ақшаға өздеріне керек жұмысты таба ала ма деген ой болған.

 

Бұл қандай эксперимент?

Финляндияда бұл бірінші рет қайталанып отырған жағдай емес. Себебі елде жұмыссыз жүрген топтарға ақша беру, олардың жағдайын жасау мәселесі талқыланып келеді. Жалпы түсінік бойынша, елдегі жұмыссыз жүрген жандарға еш себепсіз ақша беру арқылы олардың әлеуметтік мәселесін шешуге болады. Одан бөлек егер жұмыссыз адамға айына еш себепсіз материалдық жағдай жасалса, ол көзіне көрінген жұмысқа бас салып кіре кетпейді. Ол өзіне керек жұмысты асықпай, мамандығы бойынша іздеуге мүмкіндік алады.

 

Эксперимент қалай жасалды? Ақша бәріне берілді ме?

Kela эксперимент үшін жұмыссыз жүргені үшін жәрдемақы алатын екі мың адамды іріктеп алған. Екі жыл ішінде (2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін) оларға ай сайын 560 еуро төлеп отырған. Бұдан бөлек дәл осы топ ішінен арнайы бақылау үшін бір қауымын бөліп алған. Оларға жалпы берілетін жәрдемақыны беріп отырған.

 

Жұмыссыз жүргендер жұмыс таба алды ма?

Шынын айтсақ, жоқ. Алғашқы бір жыл ішінде жалпы жәрдемақы алатын адамдарға қарағанда, еш себепсіз ақша алып отырған топ түске дейін бос уақыт таппаған, бірақ ана топқа қарағанда аз пайда тапқан. Экспериментке алған топ орташа есеппен 4230 еуропа тапса, ешқандай ақша алмайтын, жалпы жәрдемақы алып келген топ олардан 21 еуроға көп тапқан. Алайда, еш себепсіз ақша алып отырған топ басқаларға қарағанда өздеріне сенімді болған. Тіпті денсаулықтарына да көңіл бөле бастаған.

 

Сонымен, себепсіз ақша тарату – жаман идея ма?

Дәл қазір мұндай шешім жасауға ерте. Біріншіден, екінші жылдықтың қорытындысы 2020 жылдың басында ғана белгілі болады. Екіншіден, адамдар күйзеліске түспейтін деңгейге жеткен. Сондықтан бұл эксперименттің нақты жауабын келер жылы біле аламыз.