Марғұлан Ақан

Белгілі кәсіпкер жолдау туралы пікір білдірді

Елбасының жолдауынан кейін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықты арттыру мен сол бағытта жұмыс жасау үшін шағын және орта бизнесті дамыту үшін үлкен жеңілдіктер жасалды деген болатын. Осы ретте белгілі кәсіпкер Оралбек Ботбай мырза пікірін білдірді,-деп хабарлайды Bugin.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз бизнеске еліміз алғаш тәуелсіздігін алып жатқан алмағайып заманда келдік. Сол кезеңнен бері Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздегі бизнестің дамуына, оның өсіп-өркендеуіне баса назар аударып келеді. Бүгінгі Жолдауда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға басымдық берілді. Мұқият тыңдадым. Енді еліміздегі мыңдаған отбасы баспаналы болмақ. Бизнеске тағы да жеңілдіктер жасалмақ. 

Біздің кәсібіміздің өркендеуіне Елбасы ерекше қолдау танытып жүр. Біз де өз кезегінде қолымыздан келгенше халыққа жағдай жасауға, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Күні кеше ғана Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округіне Beeline байланыс операторының станциясын орнаттық. Енді ауыл тұрғындарына жылдам интернет пен сапалы байланыс қолжетімді болмақ. Жуырда инвесторлармен бірігіп, 70 пайыз энергия экономдайтын 500 жуық көше шамдарын тарттық. Осының бәрі Елбасымыздың бизнеске жасаған қамқорлығының арқасы деп білемін. Енді бүгінгі жолдаудан кейін алыс-жақын елдерден 10 қазақ отбасын туған жерім Қошқар Ата ауылына қоныстандырып, баспанасын, азын-аулақ малын әперсем деген ой келіп отыр. Мұндағы мақсатым Елбасы Жолдауын оқыған әрбір бизнес өкілдеріне заманауи тілмен айтқанда меседж тастау», - дейді кәсіпкер. 

0 Пікір Кіру