Weekend

14 ақпан күні Данэлия Төлешова бүкіләлемдік таланттар шоуында өнер көрсетеді

Қолдау көрсетейік!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

100-дің 98 ұпайын жинаған Димаш Құдайберген қатысып жатқан бүкіләлемдік «The World’s best» таланттар шоуына отандасымыз Данэлия Төлешова да қатысып жатыр. Ол 13 ақпан күні сахнаға шығады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.


Кинопродюсер Гауһар Нұртас өзінің Instagram әлеуметті желісінде бұл туралы жазба мен бірнеше видеолар қалдырды. Қазақстандық жас әнші 13 ақпанда (жергілікті уақыт есебімен) сахнаға шығады. Ал қазақстандықтар әншінің өнерін 14 ақпан күні таңға жуық тамашалай алады.