Travel

Тадж-Махал әлемнің сегізінші кереметі

Мавзолей кімдердің құрметіне салынған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан 382 жыл бұрын 7 маусымда әлемнің сегізінші кереметі Тадж-Махал мавзолейінің іргетасы қаланған болатын. Бұл тек Үндістанға емес, дүниежүзініне танымал ең ірі мавзолей 

Ескерткіш - мавзолей –  мұсылман сұлтаны Шах Джахан мен оның ертегідей сұлулығы бар әйелі Мумтаз Махалдың махаббатының құрметіне салынған. Үйленгендеріне 17 жыл болғанда олардың 13 сәбиі дүниеге келеді. Дегенмен , Мумтаз 14-інші сәбиін дүниеге әкелер кезінде дүниеден озады. Ғашығынан айырылған Шах Джахан әйелінің мәйітін сұлулығына ешнәрсе тең келмейтін мавзолей маңындағы Аграға әкеліп жерлейді. Кейін  Шах Джахан өзі өмірден өткеннен кейін оның денесін жарының жанына жерлейді. Ғашықтар осылайша о дүниеде қосылады. 

Бұл кешен - үш жақты парктен тұрады. Мұнара 22 жыл бойы салынған, қабырғасын қалауға 20 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Тадж-Махал түгелдей мрамордан қаланған. Қазіргі таңда мавзолей - туристер мен үндістер үшін ең киелі мекен