Weekend

Қандастарымыздың жат діннің жетегінде кету себебі неде?

Жат ағым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ еліне азаттықпен бірге діни еркіндік те келді. Егемендігіміз ерекше қуаныш сыйлағанымен, діни ахуалдың одан әрі шиелене түскені рас. 

Жүрегіне тәрбиесімен сіңген «Біссімілләсі» мен «Алласы» аузынан түспейтін қазақтар  Азия елдерімен салыстырғанда  аса дінге берілмеген. Діни ахуал – дінге емес діни сенімге бөліну.  Діни сенімге бөліну – діни көзқарастар мен ұстанымдардың қайшылығынан пайда болған. Тарихқа үңілсек, мұндай жағдайлар болған және кейіннен көптеген жат ағымдар пайда бола бастаған. «Ағым деген ағын су секілді»,- демекші, ағын су - уақыты келгенде ағып өтеді. Қоғамға пайдасы жоқ ағымдардың түбі тіршілігін тоқтатаны да заңдылық. 

Қазақстанда анықталған 20 дан астам жат аеымдар бар болса, соған бойұсынған 16 мыңнан астам қандастарымыздың жағдайы жүрекке жара салады. Сирия мен Ирактағы бізге белгілі қазақтар саны 800болса, басым көпшілігі кәмелет жасқа толмаған балалар екені мәлім. жиһадқа аттандым деп ажал құшқан, не болмаса темір тордың ар жағына тоғытылғндар саны қаншама?

Олардың бұл қадамға баруына не себеп? Кім кінәлі? «Жан тыныштығын таптым»,- деп жауап беретін қарагөз қыздарымыздың жауабына не түрткі? Ақпараттың қарыштап дамыған заманында өмір сүріп жатқан жастарымыздың санасын улаған нендей күш? Ғаламторға жүктелген әрбір мәлімет бақылауға алынған ба? Балғын балаларының қандай дәріс алып жүргендігінен ата-анасы хабардар ма?

Сұрақ көп, жауабы жоқ. Бәлкім, діни сауатсыздықтан шығар? Көпке топырақ шашқандық емес, өткен ғасырда ақыл тоқтатқан аға буын өкілдерін діни сауаттылардың қатарына жатқыза алмайтынымыз анық. Бүгінде, республикалық ақпараттық-насихат топтары құрылып, өз жұмыстарын атқарып келеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 800-ден астам адам райынан қайтқан. Көңіл қуантарлық жағдай. Осы қалыпта одан әрі жұмыс жасалса, Сирияға бет алған мыңдаған жерлестеріміз де түзу жолға түсер.

Көкейде сауалдар, алдымызда жұмыстар өте көп, жауабы мен нәтижесін уақыттың еншісіне қалдырдық.