Саясат

Димаш Испанияға аттанды

Жаңа бейнебаян түсірілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Испанияға "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаян түсіру үшін аттанды. Бұл туралы әнші интернет желісіндегі Instagram парақшасында хабарлады.

"Испанияға ұшып бара жатырмын, "Любовь уставших лебедей" бейнебаянын түсіреміз" деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-да.

Айта кетейік, "Любовь уставших лебедей" әнінің авторы – композитор Игорь Крутой. Ол қазақстандық әншінің Ресейде жетістікке жететінін болжаған. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқаған. Бұл әнді бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан.