Марғұлан Ақан

Ресей кәсіпкер Жомарт Ертаевті Қазақстанға беруден бас тартты

Ресейдің Бас прокуратурасы қазақстандық кәсіпкер Жомарт  Ертаевті елге экстрадициялауға қарсы болды. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.


Бас прокуратураның мұндай шешім жасауына Жомарт мырзаның Ресейге барып «босқын» мәртебесін алуы себеп болған. Қорғаушының айтуынша, олар Ресейдің бұл шешіміне қуанатынын жеткізді. Себебі елде Ертаевтің ісіне байланысты әділетті түрде жұмыс жүргізілмейтінін алға тартты. Тек бұл ғана емес, егер кәсіпкер қазақстанға оралатын болса, оны үлкен қауіп күтіп тұр деген пікірді де қоса кетті. 

«Мен өте қуаныштымын. Менің Қазақстанға қайту ойымда жоқ, шама келсе Ресейде қалып, пайдамды тигізу үшін жұмыс жасағым келеді. Мен ресей аймағында қауіпсізбін»,-дейді Жомарт Ертаев.

Айта кету керек, Қазақстан билігі Жомарт Ертаевты "қазақстандық Bank RBK-нің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған кезінде банктен жалған фирманың атына 80 миллион доллардан астам займ алып беруге және оны қайтармауға көмектескен" деп күдіктенеді.

0 Пікір Кіру