Қазақстан жаңалықтары

Рахман қайнарына саяхат: Жолдың құны, демалуға кететін қаржы

Орталық Азияның ең таза экологиялық демалыс орнына кіретін «Рахман қайнары» шипажайында қазақстандықтар қанша ақша құртпақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пандемия жағдайында қазақстандықтарды жазғы демалысын қайда өткіземін деген сұрақ мазалайтыны белгілі. Демалысын табиғатта өткізіп, сонымен бірге денсаулығын жақсартуды ойлаған адамға – «Рахман қайнары» шипажайы таптырмайтын орын. Қайнардың суы ревматизм, асқазан, гинекологиялық, жүйке, тыныс аурулары және жараларды емдеуге шипа.

Рахман қайнары Алтай тауында (теңіз деңгейінен 1760 м биіктікте) орналасқан шипажай. Қазақстанның ең биікте орналасқан «Әл-Құдыс» мешіті де осы жерде. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым жырақта орналасқандықтан, кез келген қазақстандыққа барып қайту жолын алдын-ала ойластырғаны абзал.

Бірінші қадам

Бірінші https://rahmany.kz/price-list сайтынан немесе +7 7232 56-02-32 (+7 705 798-53-56) номеріне хабарласып, өзіңіздің қалауыңызға қарай эконом, стандарт, люкс, VIP үйді жалдайсыз.

Шығындар топтамасы

Үйді 1 күнге жалдасаңыз, жатар орныңыздан бөлек 4 реттік тамақ үшін 7000 теңге (1 ересек адамға) және шипажайдың медициналық + қосымша шығындарын қосыңыз. Балаңыз үшін 4 реттік тамақ құны 3500 теңге (1 бала).

Үйді 6 немесе 12 күнге «Базалық пакет» арқылы жалдасаңыз, сізге мынандай артықшылық тегін ұсынылады:

  • 4 реттік тамақ;
  • Жеткізу;
  • медициналық қызмет.

Сыныптарына қарай 1 тәулікке үйді (коттеджді) жалға алу құны:

  • Эконом (4 адамға арналған 2 негізгі 2 қосымша орын) – 34 000 теңге;
  • Стандарт (4 адамға арналған 2 негізгі 2 қосымша орын) – 60 000 теңге;
  • Стандарт (6 адамға арналған 4 негізгі 2 қосымша орын) – 85 000 теңге;
  • Люкс/коттедж (6 адамға арналған 4 негізгі 2 қосымша орын) –

95 000 теңге;

  • Люкс/коттедж (10 адамға арналған 6 негізгі 4 қосымша орын) –

212 000 теңге;

  • Люкс/коттедж (12 адамға арналған 6 негізгі 6 қосымша орын) –

250 000 теңге;

  • VIP/коттедж (14 адамға арналған 6 негізгі 8 қосымша орын) –

425 000 теңге;

  • Эконом / 1 күнге жалғыз адамға жеке бөлме іздесеңіз, құны - 15 000 теңге;
  • Эконом / 1 күнге 3 адамға бөлме іздесеңіз, әр орынның құны - 10 000 теңге.

Қандай көлікпен барамыз

Өзіңізге керек үйді жалға алғаннан кейін Рахман қайнарына жолға шыға берсеңіз болады. Жолдың кейбір жерлері жөндеу көрмегендіктен жол талғамайтын көлікпен барған дұрыс. Егер ондай көлік болмаса, Өскемен қаласындағы Спорт сарайының алдынан 10 000 теңгеге (1 бағыты) арнайы УАЗ немесе ауысымдық КАМАЗ автобусы жүреді.

Медициналық қызметтер

«Рахман қайнары» шипажайында ересектерге 30-дан, балаларға 10-нан аса медициналық қызметтер қарастырылған. Ең арзаны 10 теңгеден бастап, қымбаты 35 000 теңгеден аяқталады.

Қосымша қызметтер

Қонақтар демалысты толыққанды сезінуі үшін шипажай 20-дан артық қосымша қызметтер ұсынады. Қосымша қызметтерге жүгінетін болсаңыз: 50 теңгеден бастап 45 000 теңгеге дейін қаржы жұмсауыңыз мүмкін.

Үйлердің іші немен жабдықталғанын, медициналық қызметтердің тізімін және қосымша қызмет түрлерімен https://rahmany.kz/price-list сайтында толық танысуға болады.

Орташа есеп

«Рахман қайнары» шипажайында ересек адам 3 күндік демалысына орташа есеппен 120-150 000 теңге құртады.