Bugin

Ұлттық код пен дүниетаным жоғалып кетуі мүмкін бе?

Қазіргі таңда заман ағымы көз ілестірмес жылдамдықпен өзгеріп, ілгері қарай жылжып жатыр. Күн санап жаңа технологиялар, жаңаша көзқарастар артта қалған түрлі құндылықты алмастырып келеді. Бірі бұл өзгерістерге тез бейімделіп үйреніссе, ал кейбірі ескі көзқарастың шырмауына шыға алмай, дәуір талабының сұраныстарына ілесе алмай жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда дәуір талабымен жүрудің ең қажетті факторы – ол қоғамдық сананың жаһандануы, яғни ең алдымен адам санасы заман талаптарына, сұраныстарына сай икемделіп, тіпті одан озып отыруы қажет.


Осы орайда Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында сананың жаңғыруы жайлы былай дейді  “Қазақстанның мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Осы мақсатқа жету үшін қазақстандықтардың санасы ісінен озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісі бүгінгі заманның болмысына сай келмейді. Өзгеру үшін заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керек” дей отырып қоғамдық сана жаһандануының маңызын атап көрсетті.

Алайда жаһандану тек сана-сезімнің жаңғыруымен ғана жүзеге аспайды. Ол  халқымыздың байырдан бергі қалыптасқан тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жалпы ұлттық құндылықтары негізінде де қалыптасады.

Жоғарыда айтып өткендей, "ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың көрінісі бүгінгі қазақ елінің дамуына үлгі бола алмайды" дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Ұлттық ерекшелікті, даналықты келтіретін болсам:

Қазақтың алыстан – жеті атадан әрі некелену салты тек қазақ ана тілінің біркелкілігін, тазалығын ғана сақтап қалған жоқ, сонымен бірге қазақ халқының ішкі байланысы мен біртұтастығын нығайтып отырды. Сондықтан қазақтар тарихта географиялық әкімшілік жақтан үш жүзге бөлінгенімен, қандастық жақтан ру-тайпаларға жіктелгенімен олардың арасында жүздік немесе рулық сипаттағы жойқын әскери соғыстар болған емес. 

Бұл жерде ұлттық код деп отырғанымыз –  халықтың  рухани өмірі мен тұрмыс-тіршілігі негізінде, сан жылдар бойы қалыптасқан, атадан балаға мирас болып қалған құндылықтар жүйесі. Ол – уақыт тезіне төтеп беріп, адамның ішкі жан дүниесінде, рухында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өзеріссіз мәңгілік құндылық. Алайда бұл жерде айта кететін жайт, айтылған құндылықтардың мәңгілік болып қалуы адамға тікелей байланысты, себебі адам өз рухани құндылықтарын көзінің қарасындай сақтап, заман ағымына сай жаңартып, дамытып отырғанда ғана, құндылықтарымыз ұлттық нышанымыз ретінде мәңгі жасайды.

Ментальдылық ұғымына тоқталып өтетін болсақ, кез келген адамның бойында болатын, атадан, тектен берілетін, қанына сіңген қасиеттерді дәріптейтін, белгілі бір шеңбер аясында өмір сүруге жетелеуші күш, яғни басқаша айтқанда ұстаным десек де болады. Басқаша айтқанда, менталитет ішкі рухани дүниенің тұтас жүйесі. Ол адамдардың нақтылы іс әрекетінде, өмір сүру салтында, тұрмыс-тіршілігінде, дүние түсінігі мен дүниетанымдық көзқарасында көрініс табады.

Ал дүниеге көзқарас адамдардың шындыққа деген қатынасын айшықтайтын осы ментальдылық пен құндылықтар жүйесі негізінде қалыптасатын адамның өзіндік түсінігі.

Яғни, ұлттық сана, дәстүр, әдет-ғұрып қашан да ұлттық код қызметін атқармақ. Рухани код – ұлттың ішкі жан дүниесі десем, нақ айтқаным. Мысалға, өнерді латын болсақ, өнердің түр-түрі бар. Қазақ халқының күй, ою - өрнек, бейнелеу, ойын – сауық мәдениеті – халықтың сан ғасырдар бойынан қалыптасып келе жатқан  тарихи шежіресінің көрінісі.  Әр халықтың өзіне тән наным –сенімі, күнделікті ұстанатын тыйымдары, мерекелері мен әдет – ғұрыптары болады.

Отто Бауэр «Ұлт мәселесі және социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, гене­тикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақ­тығы», дейді. Ұлттық ерек­шеліктің, даралықтың  сақталуы, келешек ұрпақтың қадірлеп – қастерлей, ұстануы арқылы, атадан – балаға жетуі арқылы жалғаса бермек. Ол үшін, ең бастысы, ұлтымыздың тарихи шежіресін, отан үшін жанын пида еткен жазушы – қаламгер, ұлт зиялылалары, халық мақатаныштарын дәріптей біліуіміз абзал дегім келеді.
 

Ұлттың бар екенін, бір екенін білдірітетін -  ұлттық рухани код, символдар мен идеялар. Олар тірілер мен тірілерді ғана емес, өлілер мен тірілерді байланыстырып жатады. Тіл деген ұғым бар, алайда, оны ауыспалы мағынада қолданатын болсам,  тіл – символ, белгі. Халықтың егемендігін, белгілі бір әдет- ғұрпы мен салт – дәстүрін білдіріп, меңзеп тұратын сиволдар мен таңбалар бар. Мысалы, 1465 жылы Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек – «басшы» символдық рөлін ойнайды.

Қорыта айтатын болсам, уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі.Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Заманда уақыт сынды. Ол әрқашан белгілі бір факторларға байланысты өзгеріп отырады. Заман ағымына ілесе алмаған қоғам өркениет көшінен артта қалады, яғни басқа елдермен терезесін теңестіріп, иық тірестіріп өмір сүре алмайды. Бірақ та уақытқа, заманға ілесеміз деп өз құндылықтарымызды, болмысымызды, мәдениетімізді ұмытпағанымыз жөн.