Спорт

УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетіне байланысты мәлімдеме жасады

УЕФА өкілі футболшыларды демеушілерге құрметпен қарауға шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Сондай-ақ УЕФА өкілдері турнирге қатысушыларға демеушілік шаралар турнирдің және футболды дамытудың ажырамас бөлігі екенін ескертіп, демеушілерге құрметпен қарауға шақырды.

«Демеушілік турнир үшін де, Еуропа футболы үшін де маңызды», - деді Еуро-2020 турнирінің директоры Мартин Каллен.

Мартин Каллен ойыншыларға баспасөз конференциясындағы әрекеті үшін УЕФА тарапынан айыппұл салынбайтынын мәлімдеді.

«Демеушілерге қатысты келісімшарттық міндеттемелер - Еуро турнирінің ережесінің бөлігі. УЕФА ойыншыларға тікелей жаза қолдануды көздемейді», - деп түсіндірді Мартин Каллен.

Еске салайық, жақында Португалия ұлттық құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду баспасөз конференциясында демеушілер ұсынған Coca-Cola сусынын үстелден алып тастап, оның орнына су ішуге шақырды.

Арада бірер күн өткенде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Поль Погба демеушілер ұсынған Heineken сусынын (сыра) алып тастады.