Weekend
Қазақтың жайы
Сөйлей-сөйлей келер болса шешендік ,
Көре-көре келер деген көсемдік.
Бұл қағида туындаған болмыстан
Дәлелдеген жүгін өзі көтеріп.
Талмай өтіп талқысынан өмірдің ,
Келер шыңнан қыран болып көрінгің.
Бұл қасиет адамзаттың саналы
Меңзер көсем абзалдыққа сезімін.
Оңай емес тауып лайық уақытты,
Іске асыру сол меңзеу мен бағытты.
Нәтижеге жету қиын қоғамдық ,
Жеткен адам ардақты да бақытты.
Жеткізуге шыңға шырқар қуатын
Түрткі керек қатайтатын қанатын.
Адамдағы , міне , осы қос қанат –
Ақылы мен еңбегі тең тұратын.
Егер бойға қасиетті жетелі
Еге білсең адамдығың өседі.
Абыроймен самғататын алысқа
Қос қанатың-ақыл , еңбек екеуі.
Әрқашанда етек-жеңі кең құлаш
Зерделі еді бұл қазағым, ол рас.
Тіршіліктің танып қатал талабын ,
Болған дәйім табиғатпен тамырлас.
Сен халқыңның сақтап асыл мүддесін ,
Жат пиғылдан оны қорғай білгейсің.
Танытумен адалдықты айнымас
Белді бекем буып ылғи жүргейсің.