Спорт

Әлемдегі ең танымал 10 спорт түрі

Әлемдегі ең танымал спорт түрлері қандай? Бұл сұрақ спорт журналистерін ғана емес, қарапайым халықты да қызықтыратыны сөзсіз. Егер әлемдегі ең танымал 10 спорт жайлы білгіңіз келсе оқыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. Футбол

Жер шарындағы 7 миллиардтан астам адамның, 4 миллиарды футболдың жанкүйерлері. Футбол әлемнің әрбір бұрышында танымал. Әйтсе де, негізгі танымалдылығы Еуропа елдеріне тиесілі. Футболдан әлем чемпионаты – осы спорт түріндегі ең жоғарғы сайыс болып саналады. Тағы да, футбол ең көп табыс табатын спорт түрі. Бұл спорт түрі матчтарға билет сату, телеарналарға транцляция жасауға рұқсат беру, түрлі жарналамалар жасау, футбол киімдерін сату және тағы да басқа жолдар арқылы үлкен табыс табады. Бүгінде, футбол біреулер үшін жай ғана спорттың бір түрі болса, ал біреулер үшін таза бизнес көзіне айналған.


2. Крикет

Алғашында бұл спорт жай ғана балалар ойнайтын ойын болып, кейіннен танымал кәсіби спорт түріне айналған. Әлемде бұл ойынның ойыншылары мен жанкүйерлерін қосқанда, бұл спорт түрімен 2 миллиардтан астам адам әуестенеді екен. Крикет – командалық спорттың бір түрі. Ойынды бір-біріне қарсылас екі команда ойнайды. Әр команда 11 ойыншыдан тұрады. Ойынның ережесі қарапайым, қай команда көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз атанады. Крикет Үндістанда, Австралияда, Англияда, Пәкістанда, Оңтүстік Африкада, Жаңа Зеландияда және басқада елдерде жоғарғы танымалдылыққа ие. Ал Қазақстанда бұл ойынға қызығушылық аз.

3. Теннис

Бұл спорт түрі ерлер мен әйелдер арасында бірдей танымалдылыққа ие. Әлемде 1 миллиардтан астам адам осы ойынның жанкүйері. Теннис - ең қымбат спорт түрі болып саналады. Бұл көрсеткіш бойынша ол тіпті футболды да басып озады. Теннистан түрлі жарыстар жылдың төрт мезгілінде де өткізіле береді. Бірақ бұл спорт түріне деген қызығушылық жазда ерекше артады. Теннистегі ең атақты сайыс – «Уимблдон» турнирі. 2017 жылы бұл турнирдің финалдық ойынын тек Ұлыбританияның өзінде 17 миллион адам тамашалған.


4. Баскетбол

XIX ғасырдың соңында ойлап табылған бұл спорт түрімен бүгінде 1 миллиардқа жуық адам әуестенеді. Америка, Канада, Қытай, Испания, Австралия, Түркия, Франция, Германия секілді мемлекеттерде бұл спорт түрі аса танымалдылыққа ие. Баскетбол - әлемдегі кәсіби лигалардың саны бойынша тек футболға ғана жол береді. Тағы бұл спорт табыс пен танымалдылық жағынан ең тез дамып келе жатқан спорт түрі болып саналады.

5. Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика – әлем бойынша ең көп тараған спорт түрінің бірі. Себебі бұл – көпсайысты спорт. Оған жүру, жүгіру, снаряд лақтыру, ұзындық пен биіктікке секіру сияқты бірнеше сайыстар енеді. Жеңіл атлетикадағы жүгіру сайысы ең алғашқы Олимпия ойындарындағы жалғыз спорт түрі болған. Қазіргі таңда жеңіл атлетика – Олимпиада ойындарындағы негізгі және ең көп көрермен жинайтын спорт түрі болып саналады.

6. Үстел теннисі

Бүгінгі таңда Олимпиадалық бұл спорт түрінің 875 миллионнан астам жанкүйері бар. Әлемдік үстел теннисінің ассоциациясына 225 мемлекет кіреді. Бұл осы спорт түрінің танымалдылығы жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді. Негізгі қызығушылығы Азия мемлекеттеріне тиесілі. Жылдамдықты қажет ететін бұл ойын, қолжетімді спорт түрлерінің бірі болып саналады.

7. Хоккей

Қысқы спорт түрлерінің ішіндегі ең танымалы. 2 миллиардтан астам жанкүйері бар бұл спорт АҚШ, Канада, Ресей, Швеция және Финляндия секілді елдерде жоғарғы танымалдылыққа ие. Табыс табу жағынан алдыңғы қатарлардан орын алады. Көпшіліктің ойынша, хоккей – нағыз өзіне сенімді еркектерің ойыны.

8. Волейбол

Бұл спорт түріXX ғасырдың басында Америкада ойлап табылған. Содан бері волейбол әлемде үлкен танымалдылық жинап үлгерген. Қазіргі таңда бұл спорт түрінің 900 миллионнан астам жанкүйері және 220 ұлттық волейбол ассциациясы бар. Негізгі танымалдығы Таиланд, Польша, Қытай, Бразилия, Түркия секілді елдерге тиесілі. Бразилияда тіпті волейбол ұлттық спорт түрі болып саналады. Олимпиада ойындарының қатарына енетін бұл ойынды, жабық алаңда да немесе ашық ауада да ойнай берсе болады.

9. Бейсбол

Бұл ойынның 500 миллионнан астам жанкүйері бар. Бейсболды бүгінде әлемнің 122 мемлекеті ойнайды. Негізгі қызығушылығы Америка, Канада, Куба, Жапония елдерінде тиесілі. Американдықтар бейсболды өздерінің ұлттық ойыны деп есептейді. Бұл ойында ереже көп, бірақ оларды тез меңгеріп алуға болады деп есептейді спорт мамандары.

10. Гольф

Ақсүйектер ойыны саналатын бұл спорт түрінің әлемде 450 миллионнан астам жанкүйері бар. Гольф - қымбат спорт түрлерінің қатарына кіреді. Оның құралдарының өзі аз ақша тұрмайды. Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдерде гольф танымал спорт түрлерінің бірі. Маңызды гольф кәсіби турнирлері қатарына: Мастерс және Кәсіби гольф қауымдастығының чемпионаты жатады.