Weekend

Сағыныш

Ауылға сағыныш

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мөп-мөлдір әлем, кіршіксіз таза күнәдан,

Нөсерін, дауыл, желін де үнсіз ұға алам,

Ауылым сенен алыстап бара жатқанда,

Адалдығыңды қимай жылағам.


Шимай да, шатпақ, шытырман толған қаладан,

Шаршап та жүрген шығар ау бәлкім бар адам,

Қаңғырып келген қамы үшін қара басының,

Адам көп мында бес сомға арын балаған.


Адасып кетсең, арбаған нәпсің билейді,

Өлсең де мейлі, өртеніп, жанып,күй дейді,

Қаланың қызы мың жерден ғашық болса да,

Ауылдың адал қызындай болып сүймейді.


Бетіңе күліп, артыңнан айтса өсек мың,

Дүниені қуып, жинаған ақшаң бос екпін.

Иттер көп мұнда садақа кеткір тазыдан

Тұлпардың емес соңынан ерген есектің.


Құзғынның құлқын адам көп еске түсірген,

Құдайым кешір қатемді тазарт ішімнен,

Адасып жүрген құлынын қимай жүр ма екен.

Кіршіксіз ауыл кетпейтін болды түсімнен.


Жерідім әбден, жаңылып басып қадамды,

Білмей де қалдым, бәсіре қылған бағамды,

Тас қала мынау тасбауыр қылмай тынбайды,

Ауылдан келген аппақ жүректі адамды.


Еліңді табу есің бар кезде дұрысы,

Қайтесің қалқам қор болып дүние құны үшін,

Қаланың маған қарап та тұрған ісі жоқ,

Ауылға қайтам, құрысын...